Павлодарда мектепте білім алатын екі оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдай жөнінде құқық қорғау органдарына білім беру мекемесінің өзі хабарлаған, деп хабарлайды kznews.kz.
«Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары тергеу құпиясына байланысты оқиғаның өзге мән-жайларын жариялаған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда ер адам өгей екі қызын зорлап, олардың біріне АИТВ жұқтырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.