110 мың теңге: Әлеуметтік секіріс пе, әлде инфляциялық тұзақ па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда мектепте екі оқушының зорланғанын хабарлаған

Павлодарда мектепте екі оқушының зорланғанын хабарлаған
Фото: ашық дереккөз

Облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысы бар деген күдіктілердің анықталып, ұсталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот шешімімен күдіктілерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Павлодарда мектепте білім алатын екі оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдай жөнінде құқық қорғау органдарына білім беру мекемесінің өзі хабарлаған, деп хабарлайды kznews.kz.

«Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары тергеу құпиясына байланысты оқиғаның өзге мән-жайларын жариялаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда ер адам өгей екі қызын зорлап, олардың біріне АИТВ жұқтырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.