"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда марқұм жалғызбасты ананың банкте ақшасы барын ешкім білмеген

Павлодарда марқұм жалғызбасты ананың банкте ақшасы барын ешкім білмеген

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының прокуратурасы жас балалардың ақшалай қаражатты мұраға алу құқығын ресімдеуге көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған әйел жалғызбасты болған.

"2016 жылы қайтыс болған әйел адамның банктердің біріндегі шотында 1,3 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаты қалғаны анықталды. Туыстары ақшаның бар екендігі туралы білмеген, алайда мұра бойынша ақша осы уақытқа дейін ресімделмеген. Бірінші кезекте оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған екі баласы мұрагерлері болып есептеледі, - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Марқұм балалардың әкесімен некеге тіркелмеген, сондықтан оның мұрагерлік құқығы жоқ.

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен ақшалай қаражат балаларға мұра ретінде берілді.

Автор
Нұрсұлтан