«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында анасына дөрекі сөйлеген жігіт жауапқа тартылды

Павлодар облысында анасына дөрекі сөйлеген жігіт жауапқа тартылды

Павлодар облысы Успен ауданында анасына дөрекі сөйлеген жас жігіт жауапқа тартылды.Отбасылық жанжал кезінде 27 жастағы жігіттің мас болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мұндай отбасылық жанжалдар жиі кездеседі. Мәселен, 6 қазан күні Успен ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны тәртіп сақшыларынан шұғыл түрде келіп, үйде жанжал тудырып жатқан ұлын тыныштандыруды сұраған. Тәртіп сақшылары өтініш берушінің 27 жастағы ұлы үйге мас күйінде келгенін анықтады. Ол анасына дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеп, қарғыс жаудыра бастаған. Ұлының мұндай әрекетінен шошып қалған анасы көз жасына ерік беріп, мұндай жағдайдың бірінші рет орын алғанын айтқан. Сондай-ақ, әйел ұлының қосымша  жұмыс істеп, қалыпты өмір сүретінін жеткізген. “Жас жігіт полиция бөлімшесіне жеткізіліп, өткізілген медициналық куәландыру оның орташа деңгейде мас екенін көрсетті. Ауыл тұрғынына қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып,  материал қаралу үшін сотқа жіберілді”, - деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.

Автор
Данияр