Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

950 мың тг жалақы алатын депутаттар 1 қыркүйекке дейін каникулға кетті

950 мың тг жалақы алатын депутаттар 1 қыркүйекке дейін каникулға кетті

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда алтыншы сайланған Парламенттің бесінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соған орай, депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, сондай-ақ міндеттерді шешу тұрғысында да өте ауқымды болды.

Атап айтқанда, өткен сессия барысында палаталардың бірлескен 3 отырысы өтті. Мәжілістің 41 жалпы отырысында 296 мәселе қаралса, Сенаттың 25 жалпы отырысында 165 мәселе қозғалды.

Бесінші сессия кезінде қос палатаның қарауында 161 заң жобасы болды, оның 98-і қабылданды.

Парламент қабылдаған заңдардың 86-сына Мемлекет басшысы қол қойып, олар заңды күшіне енді.

Автор
Айбар