Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео

Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео

Ұстау операциясы кезінде аппарат жетекшісі оқиға орнынан қашып кеткен. Өзенге секіріп, арғы жағына жүзіп өтпек болған


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Текелі қаласы әкімінің аппарат жетекшісін құрықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

https://www.instagram.com/p/CCax6jplfAq/


Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, аппарат жетекшісі мүгедектер қоғамының директорынан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Шенеунік қаланы абаттандыруға қатысты рәсімделген келісімшарттар бойынша қамқорлық жасауға уәде берген.
"Ұстау операциясы кезінде аппарат жетекшісі оқиға орнынан қашып кеткен. Өзенге секіріп, арғы жағына жүзіп өтпек болған. Сол кезде судың ағысы оны алып кете жаздады. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады", - деді Баржақсынов.

Шенеунікті ұстау операциясына ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де қатысты.

Автор
Айбар