Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Пара алған: былтырғы су тасқынынан кейін кімдер сот алдында жауап беретіні белгілі болды

Пара алған: былтырғы су тасқынынан кейін кімдер сот алдында жауап беретіні белгілі болды

Үш іс бойынша сот үкім шығарған



Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Azattyq Rýhy тілшісіне былтыр болған жойқын су тасқынына байланысты 9 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Редакция Бас прокуратураға ресми сауал жолдап, осы істер туралы толығырақ мәлімет алуға тырысты.



Бас прокуратураның жауабына сүйенсек, сотқа 6 қылмыстық іс жіберілген.

«Оның 3-уі лауазымды адамдарға және сол көлемде кәсіпорын басшыларына қатысты. 3 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Ақталмайтын негіздер бойынша 1 қылмыстық іс тоқтатылды. 2 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда», - деп мәлімдеді олар.

Осы аталған істер Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша қозғалған:

  • 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу);

  • 195-бабы (Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру);

  • 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау);

  • 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану);

  • 366-бабы (Пара алу);

  • 367-бабы (Пара беру);

  • 370-бабы (Қызметтегi әрекетсiздiк);

  • 371-бабы (Салғырттық).


Бас прокуратура су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайраттың ісі бұл 9 қылмыстық іске қатысы жоқ екенін хабарлады.

ҚПК-нің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.




Автор
Данияр

Журналист