Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Пандемиямен тұспа-тұс келген мерейтой: Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды

Пандемиямен тұспа-тұс келген мерейтой: Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды.


Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сексен жасқа толды. 6 шілде күні республикада Астана күні де аталып өтеді.

Елбасының мерейтойы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантинмен тұспа-тұс келіп тұр. Осыған байланысты елде бұқаралық шараларға, мерекелік концерттер мен сауық-сайранға тыйым салынған. Мерекелік шаралар онлайн форматқа ауыстырылды.

Әлемді жайлаған індет тұңғыш президентті де айналып өтпеді. Коронавирус жұқтырған Назарбаев екі апта бойы өзін оқшаулап, қашықтан жұмыс істеді. Жуырда, 2 шілде күні Елбасының баспасөз қызметі жақсы жаңалықты бөлісті. Тұңғыш президенттің соңғы тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен.

"Халқыммен бірге бұл сырқаттың бүкіл ауыртпашылығын сезіндім, қазір емделіп жатқандардың бәріне төзім мен қажыр-қайрат және тезірек сауығып кетулерін тілеймін", - деді ол сауығып кетуіне тілектестік білдіргендерге ризашылығын жеткізіп.

Автор
Айбар