Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Пәкістанда екі мешітте жарылыс болған: 50-ден астам адам қаза тапты

Пәкістанда екі мешітте жарылыс болған: 50-ден астам адам қаза тапты

Пәкістанның әртүрлі провинцияларындағы мешіттердегі екі үлкен жарылыс болып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Бірінші жарылыс Белуджистан провинциясында болды, онда жүзден астам адам жарақат алып, 50-ден астам адам қаза тапты. Ал Пешавар маңындағы мешіт құлап, үйіндінің астында 40-қа жуық адам қалған.

Жанкешті өзін-өзі мешіттің жанында тұрған полиция көлігінің қасында жарып жіберген.

Сол күні Мұхаммед пайғамбардың туған күнін тойлауға жұртшылық жиналған еді. Қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлері де бар.

Жарылыстың артында кімдер тұрғаны анықталмағанымен, бұған дейін Белуджистанға Пәкістанның "Талибан" және "Ислам мемлекеті" содырлары жиі шабуыл жасағаны үшін солардан күдіктенуде.

Белуджистан – Пәкістанның Ауғанстан мен Иранмен шектесетін ең үлкен провинциясы.

Пешавар маңындағы екінші жарылыс туралы мәлімет аз.

Құтқарушылар құлаған мешіттің үйінділерін бөлшектеп жатыр.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары