KZNews.kz
Қоғам

Өзіне қол жұмсауға екінші рет әрекет еткен: бойжеткен 16-қабаттан секіріп кетті

KZNEWS

Атырауда 19 жастағы бойжеткен Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 16-қабатынан секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті. Университеттің хабарлауынша, ол қыз жақсы оқыған, белсенді болған, қоғамдық шараларға қатысқан.

Сонымен қатар бойжеткеннің бір ай бұрын да өзін-өзі өлтіруге тырысқаны белгілі болды. Ол кезде де 19 жасар қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секірмек болған. Бірақ оны байқап қалған күзет қызметкері дер кезінде қызды тоқтатып үлгерген.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары