Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Өзімнің теңіме шықпадым": Мадина Сәдуақасова тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды

"Өзімнің теңіме шықпадым": Мадина Сәдуақасова тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды


Танымал әнші Мадина Сәдуақасова осыдан 10 жыл бұрын тұрмысқа шыққан кезін есіне алды. Бұл туралы Kznew.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Өнер иесі Олжас Смағұлов есімді режиссер жігітке тұрмысқа шыққан еді. Күйеуінен әнші 6 жасқа үлкен.

“2 ақпан, 2014 жылы мен тез қартайып кеттім. “Жас баланың басын айналдырғыш” деген атаққа ие болдым. Өйткені, өзімнің теңіме шықпадым. Сол кезде өзім туралы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 10 жыл өтті. “Қандай жарасымды жұп”,  “Енді тойға неге Олжаспен бармайды”, “Неге күйеуін инстаға салмайды” деген сөздерді әлі естіп келеміз. Уақыт-ай! Тез-ақ өтіп кетеді екен ғой?!. Құтты болсын,10 жылдық!”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, жарасымды жұп екендерін жарыса жазып жатыр.



Автор
Данияр