KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Өзі ерке, енем екен демейді”: Гүлзира Айдарбекова келіні Индираның мінезін сөз етті

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Ол үлкен келіні Жұлдызбен Заңғар Нұртастың жары Индира жайлы әңгімелескенін жазды, деп хабарлайды kznews.kz
 

Продюсердің айтуынша, ол Жұлдызға Индираны «ерке келін» деп сипаттаған. Алайда келіні Индираның өз ойын ашық айтып, еш қысылмай сөйлейтінін әзілмен жеткізген.

Гүлзира Айдарбекова келінінің бұл мінезін оның жас болуымен байланыстырған. Жұлдыз да Индираның әлі жас екенін айтып, оны «бөпе» деп әзілдеген.

«Жұлдызға мен: "Бұл бір ерке келін болды, енем екен демей, ойында не бар, бәрін еш саспай айта береді" десем, Сезімнен 5-ақ жас үлкен. "Бұл әлі бөпе ғой, мамау", – дейді. Шынында, солай екен ғой», – деп жазды продюсер.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →