Жаңалықтар

"Есіктен кіре салып, төр менікі дейді": Гүлзира Айдарбекова келіндер туралы қатты айтты (ВИДЕО)

"Есіктен кіре салып, төр менікі дейді": Гүлзира Айдарбекова келіндер туралы қатты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қоғамда жиі талқыланатын келін мен ене мәселесіне байланысты танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Айдарбекованың айтуынша, кейбір жас келіндер жаңа отбасының тәртібіне бейімделудің орнына өз заңын енгізгісі келеді.

"Алғаш келген кезінде "біздің үйде осындай" деп өз шаңырағындағы ережені енгізгісі келеді. Есіктен кіріп, төр менікі дейтіндер көп. Өзінің заңын қолданығысы келеді. Келіннің заңы ол жерде болмайды. Бұл әулеттің бұрыннан келе жатқан заңы сондай. Оны келіп, келін бір күнде бұза алмайды. Уақыт өте келе, ол келін бала-шағалы болып, үлкейген соң сол әулеттің негізгі бетке ұстары болады. Күйеуі де, енесі де соған қарайтын болады", – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың сөзін дәстүр мен сыйластықты дәріптеу ретінде қабылдаса, кейбір қолданушылар заманауи отбасылық теңдік пен өзара құрметтің маңызын атап өтті. Басқалары керісінше, "қазақ қоғамы келін мен ене арасындағы мәселені тым жиі талқылайды, бұл тақырыптан әрі өту керек" деген пікір айтты.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz