Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың тойға неге келмегенін айтты

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың тойға неге келмегенін айтты
ашық дереккөзден

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың үйлену тойына тұңғыш келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың не себепті қатыспағанына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Мамский әңгіме" жобасына берген сұхбатында Айдарбекова халық тарапынан қойылған сансыз сұрақтарға қатысты пікір білдіріп, Жұлдыздың тойға қатыспауына байланысты жеке түсініктеме берді.

"Неге анау жоқ, неге мынау жоқ деп сұрайды. Әркімнің отбасылық өмірі бар. Бірде біреу кекірейіп қалады, бірде тағы бірдеңе болады. "Сен неге келмедің, ертең халық сұрайды, кешірші" деп әрқайсысының артынан жүгіріп жүрмеймін ғой. Келемін деген адам өзі келеді. Ешкімнің кеудесінен итерген емеспін", – деді ол.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, келіндер тойға көмектесіп жатса – ол тек қуаныш. Алайда көбіне өз қолымен бар шаруаны өзі атқаратынын жеткізді.

"Мама, той болып жатыр екен, қандай көмек керек?" деп келіндер жүгіріп жатса, мен тек қуанамын. Осы уақытқа дейін бәріне өзім жүгіремін, тойхананы да өзім таптым", – деп ағынан жарылды продюсер.

Сонымен қатар, ол келіндер мен енелер арасындағы қарым-қатынастың нәзік тұстарына да тоқталды. Айтуынша, кей жағдайда ене тарапынан жасалған жылу мен жақсылық бағаланбай қалып жатады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер