Шоу-бизнес

“Қайрат бақытты”: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызбен татуласқан видеосын жариялады (ВИДЕО)

Айжан Сыланова Айжан Сыланова
“Қайрат бақытты”: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызбен татуласқан видеосын жариялады (ВИДЕО)
Фото:видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың отбасы мен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасын Мальдив аралдарынан оралған соң қуанышпен қарсы алды. Әншінің анасы әлеуметтік желідегі парақшасында қонақ күтіп жатқан сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бүгін бала-шағамыз Мальдивтен демалыстан келді, басымыз қосылып, мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу — бір бақыт! Барлығы көріп жүрген күлімсіреу — шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға жеткілікті», — деп атап өтті продюсер.

Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова отбасы мүшелері мен құдаларына Жаңа жылға сыйлықтар дайындаған.

«Құдамыз ауырып қалғанын естідім, бас киім алуды жөн көрдім. Құдағиыма қаракүзеннің терісінен жасалған сырт киім. Жаңа түскен келінге де сыйлық бар», — деді ол.

Желі қолданушылары бұл жылы оқиғаға өз жылы лебіздерін білдіріп, түрлі пікірлер қалдыруда.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz