Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өзбекстан президентінің қызы лауазымды қызметке тағайындалды - Қазақстан жаңалықтары

Өзбекстан президентінің қызы лауазымды қызметке тағайындалды - Қазақстан жаңалықтары

Өзбекстан президентінің үлкен қызы Саида Мирзиёева басшылық қызметке тағайындалды. Ол ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz аталған агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Жұма, 12 сәуір күні алқа отырысында агенттіктің жаңа басшылығы таныстырылды. Оның ішінде агенттік директорының орынбасары - Мирзиёева Саида Шавкатовна", - делінген агенттіктің Telegram-дағы арнасында.

Агенттіктегілердің айтуынша, Саида Мирзиёева PR-орталық қызметін басқарады. Аталмыш орталық Өзбекстанның шетелдегі имиджін қалыптастырумен айналысады, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен жұмыс істейді. 


stan.kz
Автор
Арман