Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өзбекстан полицейлері Құран ұстап ант берді

Өзбекстан полицейлері Құран ұстап ант берді
08 Желтоқсан 2018, 14:04 337 0

Фото: Азаттық

Астана, BAQ.KZ. Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жоғарғы Шыршық ауданының ішкі істер бөлімінде істейтін қызметкерлер Құран ұстап, пара алмауға, заң бұзушылық жасамауға ант берді.

Аталған полиция бөлімінде ант қабылдау сәтінің суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті.

Азаттықтың өзбек қызметіне есімін айтпауды өтініп сұқбат берген Жоғарғы Шыршық ауданы ІІБ қызметкері ант қабылдау рәсімі аудан имамының араласуымен өткен.

"Жеке құрамдағы әрбір қызметкер Құранның өзбек тіліндегі нұсқасын ұстап, жемқорлық жасамауға және алдамшылық қылмауға ант берді" - деген ол.

Ал алаған аудандық полиция баспасөз қызметі ант беру рәсімінің анық-қанығын білу үшін басшылыққа хабарласу керектігін айтты. Рәсімге қатысты деген аудандық имам бұл туралы пікір беруден бас тартты.

Дегенмен Өзбекстан Ішкі істер академиясында істеген оқытушының айтуына қарағанда, бұл әрекет жоғары жақтың тапсырмасынсыз, жергілікті полиция басқармасының әрекеті болуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар