"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өткен тәулікте қаладан 7438 текше метрден астам қар шығарылды

Өткен тәулікте қаладан 7438 текше метрден астам қар шығарылды
24 Желтоқсан 2018, 13:35 164 0

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 367 бірлігі жұмылдырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Астана Тазалық» ЖШС-нің мәліметінше, 23 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 320 жұмыскер шыққан.

«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 7438 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қардың 1 658, өзге мекемелер 572, «Астана көгалдандыру құрылысы» 60 текше метрін шығарды», - делінген хабарламада.

16 қазан мен 23 желтоқсан аралығында қала сыртына қардың 932 968 текше метрі шығарылды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 77, 13 қазан мен 23 желтоқсан аралығында 11 492,5 текше метрі себілді.

Жалпылай алғанда, 21 қараша мен 23 желтоқсан аралығында көктайғаққа қарсы реагенттің 58,97 тоннасы шашылған болатын.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.

Telegram-дағы:https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты;

astana.gov.kz әкімдік сайты Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу:

Facebookwww.facebook.com/astana109/

Instagram www.instagram.com/astana109/

Telegram-канал https://t.me/astana109112


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Жандос