KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Өтірік патриот: Ринат Зайытовты танымал актер оңдырмай сынады

• Айбар
"Шімән апа" образымен танымал Ерболат Төлегенов Ринат Зайытовты сынады.


Әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасында актердің болмысындағы өзгерісті бірден байқаған жұрт оны танымал ақын Ринат Зайытовқа ұқсатқан.


– Денсаулығың қалай, Ереке? Бәрі дұрыс па? Ринат Зайытовтан айнымай қалыпсың, – деді оқырман.



Желі қолданушысының бұл сұрағы актерге жақпай қалса керек, Ерболат бірден Ринат Зайытов туралы жағымсыз жазба қалдырды.

– Дәл соған ұқсатпай-ақ қойшы, өтініш. Оған ұқсағым келмейді. Өтірік патриот болғым келмейді, – деді актер.



Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →