Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Отбасыма көңіл бөлу керек: Головкин спорттан қашан кететінін айтты (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Отбасыма көңіл бөлу керек: Головкин спорттан қашан кететінін айтты (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин БАҚ-қа берген сұхбатында спортпен қашан қоштасатынын айтты. 

Сұхбат DAZN USA YouTube-арнасында жарияланды. 

Спортшы одан бөлек DAZN-мен келісімі, Канеломен үшінші жекпе-жегі жайлы айтып өтті. 

Головкиннің айтуынша, DAZN стримингтік платформамен келісім жасамас бұрын GGG командасы қандай бағытқа бара жатқанын түнісуге тырысты. 

Головкиннің келісімі 3 жылға жасалған. Сәуір айында спортшы 37 жасқа толады. Осылайша келісім аяқталғанда Головкин 40 жаста болмақ. 

"Мен 40 жасымда спортты тоқтататын шығармын деп ойлаймын. Бірақ, не боларын кім білсін. Маған мұны нақты айту мүмкін емес. Бірақ 40-тан асқан соң өз промоушеніммен айналысқым келеді", - дейді спортшы. Әйелім екеуміз 40 жаста спорттан кету туралы сөйлесіп көрмеппіз. Ол кезде өзіңнен гөрі отбасыңа көңіл бөлген дұрыс секілді", - дейді Головкин.

Спортшы Канеломен болатын үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

"Мен үшінші рет "Канеломен" айқасқым келеді. Егер мұны ел қаласа, біздің үшінші жекпе-жегіміз болады", - дейді ол. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз


stan.kz
Автор
Бауыржан