"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Отбасылық күйзеліске түскендіктен істедім": СҚО-да ер азамат бәкі мен шақпақ жұтып, өліп кете жаздады - Қазақстан жаңалықтары

"Отбасылық күйзеліске түскендіктен істедім": СҚО-да ер азамат бәкі мен шақпақ жұтып, өліп кете жаздады - Қазақстан жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысында дәргерлер ер азаматтың асқазанынан бәкі пен шақпақты алып шықты. Қиын отаны жасауға ауылға дәрігерлер санавиациямен ұшып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Науқас Уалихан ауданының ауруханасына түнде түсіпті. Оның тыныс алуы нашарлап, сөйлей алмапты. Рентген арқылы ақ халаттылар ер азаматтың ас қорыту жолында тұрып қалған бәкі мен от жағуға арналған шақпақты анықтаған. Бөгде заттар өкпеге ауырлық түсірген. Мамандар отаның бір сағаттан ұзақ жасалғанын айтады. Өз-өзіне келген азамат отбасылық проблемалардың салдарынан осылай жасағанын айтыпты. 

"Санавиациямен келген дәрігерлермен бірігіп ауыр ота әске асырылыд. Атап айтсақ, лапаротомия, гастротомия, асқазаннан екі бөгде зат алынды. Қазір науқастың жағдайы орта, ол палатаға ауыстырылды", -  дейді хирург Дәулет Серғазин 


stan.kz
Автор
Данияр