KZNews.kz
Қоғам

Отарда сарбаз өз саусағын өзі кескені рас па?

Айжан Сыланова
Фото: zakon.kz

Жамбыл облысындағы Отар әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген сарбаз сол қолының саусақтарын жарақаттаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Құрлық әскерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 қаңтарда таңғы тексеру кезінде болған. Әскери қызметкер темір затпен өзін жаралаған, оған дереу медициналық көмек көрсетілген, қазір өміріне қауіп жоқ.

Ресми өкілдер сарбаздың балтамен саусағын шауып тастағаны және командирлерінен ұрыс естіген соң осындай әрекетке барғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Айтуларынша, сарбаз бұл қадамға жеке басындағы мәселелерге байланысты барған. Оқиғадан кейін әскери бөлімге арнайы комиссия жіберілді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →