KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Осыларды көрсем, жүрегім ауырады". 17 жыл құлдықта болған қыздардың өнері көпшілікті елжіретті

KZNEWS

17 жыл құлдықта болған қыздар қазір ем алып, хоббимен айналысып жүр. Соның ішінде Құндыз ән айтып шұғылданады, - деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Руслан Өтепбай Құндыздың ән айтқан видеосын желіге жүктеді.

"Құндыздың әнін бағалап жіберіңіздер. Ең сүйікті әні "Таңғы елес", - деп жазды журналист.

Көпшілік Құндыздың талантына таңдай қағып, лебізін білдірді. "Бұл қыздардың әрбір сәтіне қуанамыз ғой", "Осыларды көрсем, жүрегім ауырады", "жағдайы жақсарғанына қуаныштымын", "шамалы бойын тіктеп қалыпты", "әке-шешесі тірі болғанда тағдыры басқаша болар еді" деп жазды желі қолданушылары.

фото: әлеуметтік желіден

KZNEWS
Автордың басқа материалдары