Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өскемендік полицейлер қаламға ұқсас қару тәркіледі

Өскемендік полицейлер қаламға ұқсас қару тәркіледі

Өскемендік полицейлер қаламға ұқсас қару тәркіледі. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында криминалдық полиция басқармасының тәртіп сақшылары ерекше атыс қаруын тәркіледі.

34 жастағы күдіктінің пәтерінде тінту жүргізу кезінде полицейлер қалам тектес қаруды тапқан.

"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген қару оқ атуға жарамды болып шықты", делінген ведомство мәліметінде. Заңсыз сақталған қару қоймадан табылды.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері газ тапаншасы мен екі пышақты тәркілеген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

egemen.kz

Автор
Айбар