Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/91/67/916733.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20200105/12460463/oskemen-avtobus-ort.html
"Поликлиника" аялдамасында "Кинг Лонг" маркалы №13 автобустың қозғалтқышы жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар - Sputnik. Бүгін Өскеменде жүріп келе жатқан бағдардағы автобус өртенді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
Оқиға бүгін таңертең, сағат 08:40 шамасында болған. Буров көшесінің бойындағы "Поликлиника" аялдамасында "Кинг Лонг" маркалы №13 автобустың қозғалтқышы жанып кеткен.
Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті - видео
Өрттің жалпы аумағы – 1,5 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
Altaynews порталының мәліметінше, мамандар өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану себеп болды деген болжам жасаған.
sputniknews.kz