«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео

Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлеуметтік желілерде санитарлық авиация ұшағының отқа оранған сәті түсірілген видео тарай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. "Орлан 2000" әуе компаниясының "АН-2" ұшағы Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде шұғыл қонды. Ұшақ бортында 5 адам болған, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесі Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша санитарлық тапсырманы орындау үшін көкке көтерілген.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=1B9bi7gzJfM[/embed]

Жергілікті уақытпен сағат 12:50-де экипаж мүшелері қозғалтқыштағы төтенше жағдай туралы хабарлайды.

"Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым қашықтықта ұшақты қондыру жөнінде шешім қабылдады. Бортта 5 адам болды - 3 экипаж мүшесі мен 2 жолаушы. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомствоның баспасөз мәлімдемесінде.

Ал төтенше жағдайлар комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға Прапорщиково ауылынан 10 шақырым жерде болған. Әуежайдан тыс жерге мәжбүрлі қону салдарынан АН-2 ұшағының қозғалтқышынан өрт шыққан. Бір ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.

© Photo : КЧС МВД Казахстана

"АН-2" ұшағы Өскемен маңында шұғыл қонды

Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.


sputniknews.kz
Автор
Данияр