Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өскеменде 200-ден астам сарбаз ант қабылдады

Өскеменде 200-ден астам сарбаз ант қабылдады

2018 жылғы 22 желтоқсан 19:12 12

ӨСКЕМЕН. ҚазАпарат - Бүгін Өскеменде еліміздің түкпір-түкпірінен әскер қатарына шақырылған 200-ден астам сарбаз Ұлттық ұлан қатарында әскери ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№5518 әскери бөлімінде өткен салтанатты шараға жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары да қатысты.

«Биылғы ант қабылдау шарасы ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына сәйкес келіп отыр. Бұл сәйкестік жігіттерге үлкен жауапкершілік артатынын түсіндірдік» - дейді бөлім командирі, подполковник Бақытжан Құлбаев.

Ата-аналарының алдында қабылдаған антты абыроймен атқарып шығу үшін бұл сарбаздар бір жыл бойы облыс орталығында қоғамдық тәртіпті күзететін болады. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан өкілдері өңірдегі патрульдік қауіпсіздік қызметінің ажырамас бөлігіне айналды деуге болады.

 

«Бүгінге дейін №5518 әскери бөлімінің  жауынгерлік құрамы 50 қылмыстың бетін ашып, 852 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіпті. Осы ерліктері үшін марапат та алып жүр» - дейді Ұлтттық ұлан  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының  баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Арман