Сарапшылар болжамы: Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды
әлеуметтік желі

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған мерзімді әскери қызметші табылды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Әскери полициясының бас басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өскемен гарнизонында іздестіріліп жатқан мерзімді әскери қызметші Айқын Мархан табылды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Әскери полициясының бас басқармасы хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, әскери полиция қызметкерлері қатардағы жауынгерді облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерде анықтап, әскери полиция бөліміне жеткізген. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаздың әскери бөлімді өз еркімен тастап кетуіне үйін сағынуы себеп болған", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ тексеру барысында әскери қызметші командирлер немесе өзге сарбаздар тарапынан жарғылық емес қарым-қатынасқа тап болмағанын, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану деректері кездеспегенін мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін 22 жастағы Айқын Марханның із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол Өскемендегі №27943 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында сарбаз зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте болған. Біраз уақыттан кейін оның әскери бөлім аумағынан өз еркімен кетіп қалғаны анықталған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі