Сарапшылар болжамы: Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үйін сағынған: Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Үйін сағынған: Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды
фото: ашық дереккөз

Әскери полиция Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен мерзімді әскери қызметшіні ұстады, деп хабарлайды kznews.kz Қазақстан Қарулы күштері Әскери полициясы бас басқармасына сілтеме жасап.

Әскери қызметші облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерден табылған. Ұсталған сарбаз – қатардағы Мархан А.Е. Ол әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаздың әскери бөлімнен кетуіне үйін сағынуы себеп болған.

«Тексеру барысында әскери қызметші командирлер немесе бірге қызмет атқарып жүрген сарбаздар тарапынан әлімжеттік пен қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді», – деп хабарлады Қазақстан Қарулы күштері Әскери полициясы бас басқармасы.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.