Орталық сайлау комиссиясы 7 партия мен 5 республикалық қоғамдық бірлестік президеттікке кандидатура ұсынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
ОСК хатшысы Зәуреш Баймолдина болса бір партияның бар-жоғы белгісіз екенін жеткізді.
"Қазіргі таңда Әділет министрлігінің мәліметінше, елімізде 7 саяси партия тіркелген. Бірақ осында 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатымын және 7-ші партия белгісіз болып отыр. Оларға хат жіберіп жатырмыз, бірақ оған ешқандай жауап жоқ. Қандай шарамызға шақырсақ та сол саяси партияның өкілдері қатысқан емес", - деп айтты Баймолдина.
Қазақстанда 6 белсенді партия бар. Олар - "Нұр-Отан", "Ақ жол", "Қазақстан коммунистік халық партиясы", "Ауыл", "Бірлік", "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы".
stan.kz