Dimashnews-тің мәліметінше, шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – Жапониядағы Димаштың ресми фан-клубының кеңесшісі әрі Орталық Азия визалық орталығының президенті Сатоши Акаоның ұлттық киіммен Қазақстанның әнұранын орындауы болды.
Сатоши Акао – Қазақстанмен 1996 жылдан бері тығыз байланыс орнатқан тұлға. Ол Жапонияда ҚР Елшілігін ашуға қатысып, мәдени жобалар арқылы елімізді насихаттап келеді. Оның бастамалары қатарында Абайдың 175 жылдығына арналған бейнежоба, қазақ ұлттық киіміндегі Айсұлу анимациялық кейіпкерін жасау және Димаштың шығармашылығын тұрақты қолдау бар.
Акао алғаш рет Димаш жайлы 2017 жылы естігенін, ал 2019 жылы Жапонияға келген сапарында әншімен жеке танысқанын айтты. «Димаштың жүзінен мейірімділік пен өзгеге деген ерекше құрмет бірден байқалды», – дейді ол.
Жапондық фан-клуб мүшелері жылдар бойы Димашты қолдап, жергілікті тұрғындарды қазақ мәдениетімен таныстырып келеді. Жақында олар Central FM радиосының «Ғажайып Қазақстан» атты арнайы бағдарламасына қатысып, ел тарихы, дәстүрлері және Димаштың қос ел достығындағы рөлі туралы сөз қозғады. Бағдарлама 10 тамыз – Қазақстан Ұлттық күнінде эфирге шықты.