Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Орынбордағы қазақ диаспорасын Қазақстан мен Ресей қатынасы қуантады

Орынбордағы қазақ диаспорасын Қазақстан мен Ресей қатынасы қуантады

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орынбордағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуі жайлы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. 2010 жылғы санақ мәліметіне сәйкес, Орынбор облысында 120 мыңнан астам қазақ тұрады. Аймақтың 39 білім беру мекемесінде қазақ тілі оқытылады.

"Көршілермен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болу керек. Қазақстан мен Ресей достық, әріптестік әрі стратегиялық байланыс орнатқан. Әсіресе, Орынбор біз үшін ерекше қызығушылық тудырады. Біз бұл мекенмен мәдени және экономикалық жағынан байланыстамыз. Мен Орынборға барғанымда қазақ диаспорасы өкілдерімен, сол жақта оқып жүрген студенттермен кездестім. Мен осы қатынастардың өзара қолдауға ие болуына олардың қаншалықты мүдделі екенін көрдім", - деді Ақтөбе облысының әкімі.

Тағы оқыңыз: Ресей жолдарда шетелдіктерге бақылауды күшейтеді

Ол 2019 жылдың 21-22 қарашасында Орынборда "Орынбор – Еуразия жүрегі" атты халықаралық форум өтетінін еске салды. Ол жақта қазақстандық тараптың өкілдері ресейліктермен экономикадағы міндеттер мен проблемаларды талқылай алады.

"Шешілуі тиіс мәселелер бар. Мәселен, отандық тауар өндірушілер өнімдерінің сатуылуына да қатысты. Мен бұны кедергі деп айтқым келмейді. Бұл - біртіндеп шешілетін проблема", - деді толықтырды Оңдасын Оразалин.

Тағы оқыңыз: Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео


sputniknews.kz
Автор
Данияр