Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Өрттен Қарағанды облысының 56 жастағы тұрғыны қаза тапты

Өрттен Қарағанды облысының 56 жастағы тұрғыны қаза тапты

2018 жылғы 8 желтоқсан 12:30 59

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, өрт туралы хабар 7 желтоқсан күні 18:50-де келіп түскен.

Жалын №3 пәтерде тұтанып, артынша көрші екі пәтерге және шатырға өткен. Жалпы, 100 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Өртті сөндіруге 27 адам және 7 арнаулы техника жұмылдырылды. Өрт 19:54-те ауыздықталып, 20:15-те толықтай сөндірілген.

Автор
Санжар