«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Орташа жалақы мөлшері 340 мың деген дұрыс емес. Қазақстандықтар кедей өмір сүреді" - депутат

"Орташа жалақы мөлшері 340 мың деген дұрыс емес. Қазақстандықтар кедей өмір сүреді" - депутат

Депутат Юлия Кучинская Қазақстандағы жалақы бойынша осы ресми статистикадағы сәйкессіздіктерді байқады. Оның айтуынша, Ұлттық статистика бюросы мәлімдеген орташа жалақы мөлшері 340 мың теңгені құрайтыны жалған. Шын мәнінде, қазақстандықтар кедей өмір сүреді.  

"Біздің статистикамызға қарасақ, біз әр түрлі Қазақстанда өмір сүріп жатқан сияқтымыз. Орташа жалақы деңгейі 340 мың теңге... мен, мысалы, халықтың басым бөлігінің бүгінде осындай жалақы алатынына қатты күмәнданамын. Шындығында, ол халықтың көп бөлігінде үш-төрт есе аз", - деді депутат.

Сондай – ақ, ол Қазақстанда дағдарыстар мен коронавирус пандемиясына қарамастан, жұмыссыздықтың тұрақты деңгейі 5% шегінде сақталатынына таң қалды.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов жалақы көрсеткіштеріне ең жоғары және ең төменгі кірістер арасындағы айырмашылық қатты әсер етеді деп жауап берді.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

фото: lada.kz

Автор
Данияр