KZNews.kz
Шоу-бизнес

Орны толмас қаза. 17 бала тірідей жанып кетті

KZNEWS

Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында түн ортасында мектепте өрт шығып, 17 оқушы қайтыс болды.

Тағы 20-ға жуық бала күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған. Өрттің шығу себебі әлі анықталмаған, тергеу басталды. Нигерия президенті Бола Тинубу қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Куәгерлердің айтуынша, өрт кезінде тұрғындар балаларды құтқаруға тырысқан.

фото: ашықдереккөз

KZNEWS
Автордың басқа материалдары