"Қоржынға екінші қола түсті" – Абылайхан Жұбаназар үздік үштікте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оралдық қырандар «Жұма жақсылығы» қайырымдылық акциясын өткізді

Оралдық қырандар «Жұма жақсылығы» қайырымдылық акциясын өткізді

Орал қаласында «Дала Қырандары» қозғалысының белсенділері кезекті апталық «Жұма жақсылығы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жолы Қырандар қала тұрғындарын қайырымды іске жұмылдыратын кино кешін өткізді.

Қонақтар үшін фильм көрсетіліп, шағын жәрмеңке ұйымдастырылды: билеттер, сусындар, снэктер және басқа да тағамдар сатылды. Жиналған қаражаттың барлығы емделуді қажет ететін азаматқа бағытталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар әр апта сайын, жұма күні өткізіліп, әр жолы жаңа қайырымдылық мақсатына арналады. «Жұма жақсылығы» жобасы жастар арасында өзара көмек мәдениетін нығайтып, қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетудің тұрақты алаңына айналып келеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.