Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оралдың экс-әкімі Астанада жаңа лауазымға тағайындалды

Оралдың экс-әкімі Астанада жаңа лауазымға тағайындалды

Орал қаласының бұрынғы әкімі City Transportation Systems ЖШС астаналық көлік компаниясы төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі ақпаратты растады. Абат Шыныбеков бұл қызметке биыл қыркүйекте тағайындалды. Бұл қызметте ол келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:


  • серіктестік қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

  • серіктестіктің әкімшілік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;

  • серіктестік мүдделерін қорғауды және өкілдік етуді қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру.




Айта кетейік, 50 жастағы Абат Шыныбеков бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Орал әкімі лауазымында жұмыс істеген. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.



Сондай-ақ, Орал әкімінің кеңесшісі, қала мәслихатының хатшысы, БҚО Сырым және Казталов аудандарының әкімі болып жұмыс істеді.
Автор
Айбар