Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Оралда жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды

Оралда жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды

Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың мәйіті бүгін, 6 қыркүйекте табылды, бұл туралы "Мой город" басылымы жазды.


Ескі әуежай маңында салынып жатқан үйлердің жанынан 9 жасар Нұрасылдың мәйіті табылды.

"Бала құрылыс алаңына барып, биіктіктен құлап кетуі мүмкін", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Оралда 9 жасар баланың жоғалғаны туралы ажазған болатынбыз.

Тұрғындардың айтуынша, 5 қыркүйекте сағат 17:40 шамасында бала "Ескі әуежай" ықшамауданындағы Самал көшесі, 94-үйден шығып кеткен, содан бері қайтып келмеген. Баланың ерекше Даун синдромымен ауыратыны белгілі болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың әлі табылмағанын, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Автор
Айбар