KZNews.kz
Қоғам

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Қайғылы оқиға 14 тамызда Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесінде болған. Көшеден өтіп бара жатқан тұрғындар қоқыс жәшігінде нәрестенің мәйітін байқап, бірден полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары басталды. Сондай-ақ қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары