Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оралда екі азамат сепаратистік сөздері үшін қамауға алынды

Оралда екі азамат сепаратистік сөздері үшін қамауға алынды

Оралда екі азамат сепаратистік сөздері үшін қамауға алынды. 

Сот көпшілік алдында қазақ халқына қарсы сепаратистік мәлімдемелер жасаған күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолға алды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу аяқталды, қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізілуде, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

"Ер адам мен әйелге ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша айып тағылды: 174, 1-бөлім "араздықты қоздыру", 2000-нан 7000 АЕК-ке дейін (6 млн 900 мың теңгеден 24 млн 150 мың теңгеге дейін) айыппұл салу не 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 180-бап бойынша 2-бөлім  "Сепаратистік қызмет", 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - деп нақтылады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, қос азамат егер Ресей Қазақстанға қарсы арнайы операцияны бастаса, олар "орыстардың жағына шығады" деген ащы пікір айтқан еді.

Ұсталғаннан кейін полицейлер айыпталушының қазақстандықтардан кешірім сұраған видеосын таратып, блогермен әңгімелесу кезінде мас күйінде болғанын хабарлады.

ақпарат, фото: http://Arbat.media

Автор
Еркебұлан