KZNews.kz
Қоғам

Оралда бес жасар бала MMA үйірмесіндегі қайғылы жағдайдан кейін бір көзінен айырылды

Ayzhan Sylanova

Зардап шеккен Ерсұлтан есімді баланың анасының айтуынша, жаттығу басталмай тұрып ол өзге балалармен ойнап жүрген. Сол кезде 15 жастағы жасөспірім оған трактордың дөңгелегін лақтырған. Соққыдан кейін бала құлап, басын батареяға соғып алған.

Дәрігерлер екі рет ота жасағанымен, көздің көру қабілетін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазір балаға мүгедектік тағайындалды.

Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша жаттықтырушы мен жасөспірімге қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Алайда «қылмыстық құрамның болмауына» және жасөспірімнің жасы кәмелетке толмағанына байланысты істер тоқтатылған.

Баланың анасы секцияда қауіпсіздік шаралары сақталмайтынын алға тартты. Оның айтуынша, әртүрлі жастағы балалар бір залда жаттығады, ал кейде жаттықтырушы келмей қалып, кішілерді үлкендеріне тапсырып қояды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары