KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Оралда 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

• Данияр
Оралда 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Бұл туралы ведомство мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысытық білім беру басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болған.

4 қазан күні таңертең мектепке келген 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды.

"2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде, ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады ведомство.
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →