Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Орал-Астана бағытындағы ұшақ құстармен соқтығысты

Орал-Астана бағытындағы ұшақ құстармен соқтығысты

Орал-Астана бағытындағы FlyArystan ұшағы құстар тобымен соқтығысты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


FlyArystan FS 7366 рейсі ұшып шығу кезінде Орал әуежайында құстар тобымен соқтығысқан.

"Әуе кемесінің жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ешқандай ақау анықталмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана әуежайына қалыпты режимде қонды. Қону кезінде ұшақтың сол жақ қозғалтқышындағы компрессор қалақтарының және фюзеляж бөліктерінің зақымданғаны анықталды. Сонымен қатар, қозғалтқыш ішінде және ұшақтың басқа бөліктерінде құс қалдықтары табылды. Аталған қалдықтар құстардың түрін анықтау және Орал әуежайында мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында ДНҚ сараптамасына жіберіледі", – деп хабарлады компания.

Еске салсақ, осыған дейін Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Jeju Air ұшағының екі қозғалтқышынан құс қауырсындары мен қан анықталғанын жазғанбыз.

Автор
Данияр