«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқу-ағарту министрлігі жұртшылықты мектепке дайындық кезінде көмек алған балаларды суретке түсірмеуге шақырды

Оқу-ағарту министрлігі жұртшылықты мектепке дайындық кезінде көмек алған балаларды суретке түсірмеуге шақырды

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мұндай суреттердің бала психологиясына үлкен әсер ететінін жеткізді, - деп жазады Kznews.kz Stan.kz

ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Көмек беріп, жақсылық жасағанда баланың осал, сезімтал екенін естен шығармауларыңызды өтінемін. Сондықтан, сыйлық алып жатқан баланың суреттерін әлеуметтік желілер мен ғаламторға жарияламауларыңызды сұраймыз. Өкінішке орай, бұл суретті кейбіреулер қудалау құралына айналдыра алады. Мейірімділік жасаңыз, бірақ бұл жақсылықты айғайлап тұрып көрсетпесеңіз де болады", - деді Оспанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салайық, Білім министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймақтарында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді.

Акция ерекше білім беруді қажет ететін, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан, сондай-ақ асыраушысынан айырылған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

фото:  ғалатордан
Автор
Айбар