"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті: Оқиғаның видеосы жарияланды (видео)

Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті: Оқиғаның видеосы жарияланды (видео)

Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде екі жасар қыз екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Желіде оқиға кезінде түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Видео кадрларынан «Қарлығаш» балабақшасының қызметкері қызды көтеріп, ашық тұрған терезенің алдына шығарып қойғаны байқалады. Артынша тәрбиеші тағы бір баланы теерзенің жақтауына шығарып қояды. Осы кезде балалар бір-бірімен итерісіп, салдарынан кішкентай қыз москит торына бар салмағымен таянып, сыртқа құлап кетеді.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған тағы бір видеожазбада қыздың екінші қабаттан құлаған сәті көрінеді.

Еске сала кетсек, Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады. Ал облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

stan.kz

Автор
Әлихан