Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

оқиғаның тағы бір видеосы желіде тарап кетті

оқиғаның тағы бір видеосы желіде тарап кетті

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

29 қазан күні Шымкенттегі дәмханалардың бірінде оқ атып, адам өлтірген қаскөйлер әлі бостандықта жүр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Шымкент полицейлері оқиға орнындағы видеоны желіде таратқан адамдарды іздеп жатыр. Оқиға орнында жұмыс істеген криминалистердің жұмысы да видеоға түсіп қалған.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=6OL7UmJB6M8[/embed]

Видео атыстан кейін түсірілген. Полиция бұл видеоны кім түсіргенін білмейтінін айтты. Оның авторы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Видеоның әлеуметтік желіде таралып кетуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды", - деді Шымкент полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының жетекшісі Әсел Сәденова.

Шымкенттегі атыс 

Оқиға 29 қазан күні сағат 17:30-да Арғынбеков көшесіндегі дәмханада болды. Куәгерлердің айтуынша, екі адам оқ атқан.

Облыстық прокуратура оқиға салдарынан бір адам көз жұмғанын хабарлады.

Полиция зардап шеккендер мен оқ атқан адамдардың бір-бірімен таныстығын анықтап жатыр. Тергеушілер қаруды сараптамаға жіберді. Қаскөйлер оны оқиға орнынан 300 метр жерде лақтырып кеткен. 

Іс екі бап бойынша тергеліп жатыр: адам өлтіру және заңсыз қару сақтау.


sputniknews.kz
Автор
Айбар