«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жедел қызмет сарбазы түзету мекемесінде қарауыл болып тұрған жерінде басына оқ тиіп, қайтыс болды. Істі тергеу үшін өңірге арнайы топ жіберілді

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Степногорск қаласында колонияда күзетте тұрған жедел қызмет сарбазы қаза болды.

"Сағат 07:30 шамасында 3517 (Степногорск) әскери бөлімінің жедел қызметтегі әскери қызметкері қатардағы жауынгер Б.А.Рашев қарауылда тұрып, қарудан өз-өзіне оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз қайтыс болды", - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Әскери қызметкердің өлімі туралы Ақмола гарнизонындағы әскери прокуратураға хабарланды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындаған қызметтік тергеу барысында анықталатын болады. Ол үшін әскери бөлімге "Орталық" өңірлік қолбасшысының басшылығымен арнайы топ жіберілді.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

Қызметтік тергеудің қорытындысы қосымша хабарланады.


sputniknews.kz
Автор
Айбар