Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқ атып жүрген Талдықорған әкімі желіде қызу талқыға түсті

Оқ атып жүрген Талдықорған әкімі желіде қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың аспанға мылтық атқан видеосы таралды. Әкім осылайша БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкім журналистер мен блогерлерді демалуға шақырып, стандік атудан жарыс ұйымдастырды. Видео жергілікті Instagram парақшаларда талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Масабаевтың бастамасын қолдаса, енді бірі әкімге маңыздырақ мәселелермен айналысу керек деп есептеді.

Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір берген.

"Қала әкімі Әсет Масабаев БАҚ қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өткізді. Бұл жерде сыни ештеңе жоқ, БАҚ өкілдерінің демалысы. Әкім онда жергілікті журналистер мен блогерлерімізді құттықтады. Оқ ату арнайы аймақта өтті. Осындай іс-шаралар біздің БАҚ-тың командалық рухын көтеру үшін қажет деп ойлаймын", – деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі видеоға қатысты.

Автор
Айбар