100 = 70 - 30: қоғамдық пікір саяси шешімдерге қаншалықты ықпал етеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Оның да өз шындығы бар”: Динара Сәтжан күйеуінің экс-әйеліне қарсы шықты

“Оның да өз шындығы бар”: Динара Сәтжан күйеуінің экс-әйеліне қарсы шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жұбайы Жанна Жанықұлованың әлеуметтік желідегі үндеуінен кейін қоғамда қызу пікірталас басталды. Осы жағдайға байланысты кәсіпкердің қазіргі жары, журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан да өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, бұған дейін Жанна Жанықұлова видеоүндеу жасап, Жұмабек Жанықұловпен 20 жыл отасқанын, бес баланы бірге тәрбиелегенін және ажырасуға жұбайының басқа әйелмен қарым-қатынасы себеп болғанын айтқан еді. Сондай-ақ ол қазіргі таңда ортақ мүлікке қатысты сот процесі жүріп жатқанын мәлімдеп, істің әділ қаралуына алаңдаушылық білдірген.

Кейін бұл мәселеге Жұмабек Жанықұловтың өзі де пікір білдіріп, барлық даудың заң аясында қаралып жатқанын және сот шешімін күту қажет екенін жеткізді.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Динара Сәтжаннан да пікір күтті. Көп ұзамай журналист Instagram парақшасындағы сторис арқылы өз көзқарасын жариялады.

«Қорытынды шығармас бұрын екінші тарапты да тыңдау керек. Оның да өз шындығы бар. Басқаның баласына қамқор болып, балаларға жатақхана салып берген адам өз баласына қарамай қояды деп қалай ойлайсыздар? Білмейтін дүниеге төрелік айтпаңыздар. Сыни ойлауды қосыңыздар», – деп жазды Динара Сәтжан.

Осылайша, кәсіпкердің бұрынғы және қазіргі жұбайларының мәлімдемелерінен кейін бұл іс әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қоғам назарындағы тақырыптардың біріне айналды. Ал мүлікке қатысты дау бойынша соңғы шешімді сот қабылдайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.