Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушысы оғаш жағдайда қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушысы оғаш жағдайда қайтыс болды - Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында оқушылар арасындағы жанжалдан кейін мектеп оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

"18.02.2020 жылы сағат 13:30 шамасында Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейдің екі оқушысының арасында кикілжің туындап, біреуі екіншісін итеріп жіберген. Нәтижесінде оқушылардың бірі құлап, ал екіншісі қорыққаннан үйіне қашып кеткен. Зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда, оқушы жедел жәрдем қызметкерлерінің келісімен қайтыс болды", - делінген Түркістан полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл факт "Абайсызда өлімге себеп болу" бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, департамент жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске салды.

 

 


stan.kz
Автор
Данияр